Сегіз жерде отырғанның сегіз жағдайы артады 1. Бай-ауқатты адамдармен отырған адамның дүниеге құмарлығы мен әуесі артады; 2. Кедей-жарлылармен бірге отырған адамның шүкіршілігі мен көңіл тоқтығы артады; 3. Әкімдермен бірге отырған адамның тәкаппарлығы мен өзімшілдігі артады; 4. Бөтен әйелмен оңаша отырған адамның оған деген құмарлығы артады; 5. Балалармен отырған адамның ойынға пейілі артады; 6. Күнәһармен отырған адамның жүрегінің қаттылығы артады; 7. Ізгі құлдармен отырған адамның құлшылыққа құштарлығы артады; 8. Ғалымдармен бірге отырған адамның ілімі мен тақуасы артады...

Теги других блогов: сюрреализм